«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 270-НҚ бұйрығымен 2026 ж. 19 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы № 160 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.